Мектеп тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылындағы байырғы оқу орындарының бірі, білім берудің қара шаңырағы – Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектебі.
1934 жылдан бастап, біздің қазіргі ауылымыздың территориясында алғашқы бастауыш мектептер ашыла бастады. «Жаңабақыт», «Қайықжол», «Қаракөл» колхоздарында бастауыш мектептері ашылды. «Жаңабақыт» мектебіне Коммунизм балалары, «Қайықжол» мектебіне Астаукөл балалары, «Қаракөл» мектебіне Кәукей, Жыңғылдыкөл, Қаратерең балалары жаяу қатынап оқыды.
1937 жылы қаңтарда Қазақстан Ком партиясы Орталық Комитетінің Пленумында әрбір ауданда қазақ немесе орыс орта мектебін ашу жөнінде арнайы шешім алынды. Осыған орай 1940 жылы «Дзержинский» атындағы және «Коммунизм» атындағы колхоздар бастауыш мектептер, Андреев колхозында 7 жылдық мектеп, Сталин колхозында 10 жылдық мектеп ашылды. Бірақ 1941 жылы неміс фашистерінің елімізге опасыздықпен соғыс ашуына байланысты жедел дамып келе жатқан мектептер жүйелі қысқартылып қалды. Көптеген оқытушылар Ұлы Отан соғысына кетті. Оған қоса мектептерді жабдықтауға қаржылар да жетіспеді.
1957 жылы ақпанда Андреев, «Коммунизм» колхоздары бірігіп «Бозкөл» совхозы қайта құрылды. Осыған байланысты «Бозкөл» совхозының орталығынан 8 жылдық мектеп ашылды.
1965 – 1966 оқу жылында «Бозкөл» 8 жылдық мектебі №96 «Бозкөл» қазақ орта мектебі болып қайта құрылды.
1966 – 1967 оқу жылында №96 Бозкөл орта мектебінің 24 түлегі алғаш реет кәмелеттік аттестат алды.
1984 жылы сәуірде КПСС Орталық Комитеті мен СССР Жорғарғы Советі мақұлдаған «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттары» жарияланды.
Онда оқушыларды 6 жастан бастап қабылдап, 11 жылдан аяқтау көзделген.
Ревалюцияға дейін Қазақстанда жоғары білім алған тек 22 қазақ болса, бір ғана Бозкөл мектебінде 1986 - 1987 оқу жылында 41 мұғалім еңбек етті. Оның 24 – і жоғары, 12 – сі арнаулы орта, 5 – і орта білімді мұғалімдер болды.
1989 жылы тамызда жаңа типті 624 орындықты мектеп і пайдалануға көшті.
№96 «Бозкөл» қазақ орта мектебіне 1996 жылы сәуірде сыр сүлейі Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлы атағы берілді.
Болашақ ұрпаққа Сыр сүлейі, шайыр Қарасақал Ерімбет баба туралы түсінік беру, оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қ ызығушылығын дамыту, үлгі алу және ұрпақ бойына ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып өскен жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында мектеп жанынан Қарасақал руынан шыққан ел ағаларының, ағайындарының және мектеп ұстаздарының бастамасымен 2021 жылдың 24 желтоқсанында Сырдың саңлақ сүлейі Ерімбет шайыр атындағы тарихи- өлкетану музейі ашылды.
ектептің кіре беріс фоиесінен 1997 жылы мектеп бітірген бітіруші түлектердің демеушілігімен баба ескерткіш мүсіні орын алған. Осы фоиеден орын алған мұражайда:
- Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлының портреті. Автор: Кәукей ауылының тұрғыны, суретші Қази Арзиев. 2020 ж
- Баба қамшысы. Сыйға берген: Қазақта қасиетті саналатын баба қамшысын ұзақ жылдар бойы сақтаған Лақалы ауылының тұрғыны Рахметов Әділбек.
- Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 мектеп макеті. Мектеп макетін жасаған: Ақай ауылының тұрғыны, мектеп түлегі, шебер Баекеев Ақылбек. 2005 жыл. мамыр. (Мектеп макетін ауылымыздың 1987 жылы туылған, мектебіміздің 1995 жылы бітірген түлектері 10 жылдық мектеп бітіру кездесу кешінен тарту еткен)
- ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары салынған Ерімбет баба үлес қосқан Қуаңдария бойындағы мешіт макеті. Мектеп макетін жасаған: Әйтеке би кентінің тұрғыны, мектеп түлегі, шебер Баекеев Әкімбек. 2020 жыл.
- Қуандықов Досжан баласы Күмісбайға 1978 жылы берілген Қарасақал Ерімбет бабамыздың қолымен жазылған Құран кәрімнің «Иасин» сүресі. Қолжазбаны мұражайға тапсырушылар: Қызылордалық Қарасақал ағайындар. 21.12.2021 жыл.
- Заманның заңғар ақыны, Сыр сүлейі, шайыр жыршы- Ерімбет Көлдейбекұлы бабамыз жайында мәліметтер тақтасы (4 дана)
- «Мен кіші жүз, алшын, әлім, асылым қазақ...» Қ.Ерімбет бабамыздың шыққан тегінің сызбасы;
- «Ұлағат сөзім-ұрпаққа» Қ.Ерімбет бабамыздың шығармалары;
- «Шырын сөздің шеберін, ақындар толғап, жырлаған» айдарымен ақын жазушылардың Қ. Ерімбет бабамызға арналған жыр шумақтары;
- Ерімбет баба ұрпақтарының суреттері;
- Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 орта мектебінде еңбек еткен мектеп басшылары және еңбегімен еленген ұзстаздардың суреттері;
- фото альбомдар;
- Жартылай ағаш үй, қазақтың көне тұрмыстық жәдігерлері; т.б. мәліметтер бар.
Әр жылдардағы мектеп басшылары
р\с |
Аты - жөні |
Жылдары |
1 |
Мысаев Дәстен |
1960-1963 ж |
2 |
Қаипназаров Әбілқасым |
1963-1967 ж |
3 |
Оңдасов Түгелбай |
1967-1972 ж |
4 |
Сәрсенов Әбдіжами |
1972-1989 ж |
5 |
Келімбетов Жанұзақ |
1989-2000 ж |
6 |
Қаюпов Бекқожа |
2000-2004 ж |
7 |
Көмекбаев Қуаныш |
2004-2009 ж |
8 |
Аханов Құттыбай |
2009-2010 ж |
9 |
Қаниев Мархабат |
2010-2017 ж. 2018- |
Мектеп тарихындағы еңбек сіңірген мұғалімдер
р\с |
Аты-жөні |
Туған жылы |
Марапаттары |
Алған жылдары |
1 |
Ілиясов Әлмәмбет |
|
1.“Қазақ ССР еңбек сіңірген мектеп мұғалімі” 2.“Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері” 3.Қаз ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасы |
1963 ж
1960 ж
1961,1963 ж |
2 |
Мысаев Дәстен |
1924 ж |
1.«Лениннің 100 жылдық» белгісі |
1970 ж |
3 |
Қасымов Абылай |
1925ж |
1.«ҚССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі |
1958 ж |
4 |
Жабағиев Құлназар |
1928ж |
1.«Үздік еңбегі үшін» белгісі 2.«ҚССР халыққа білім беру министрлігі» құрмет грамотасы |
1986 ж
1992 ж |
5 |
Сәрсенов Әбдіжами |
1929ж |
1.«Лениннің 100 жылдық» белгісі 2.«ҚССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі |
1970 ж
1970 ж |
6 |
Оңдасов Түгелбай |
1933ж |
1.«ҚССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі |
1966 ж |
7 |
Якияев Жаңаберген |
1936ж |
1.«Еңбектегі үздік шыққаны үшін» белгісі |
1981 ж |
8 |
Байманова Айнаш |
1938ж |
1.«Халық ағарту ісінің озаты» белгісі |
1963 ж |
9 |
Жаленов Сахит |
1939ж |
1.«Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісі 2. «ҚССР халыққа білім беру министрлігі» құрмет грамотасы 3.«10 жылдықтың озаты» белгісі |
1974,1979 ж
1992 ж 1975 ж |
10 |
Сейілов Сареш |
1941 ж |
1.«ҚССР халыққа білім беру министрлігі» құрмет грамотасы |
1992 ж |
11 |
Қожақова Бибісара |
1945ж |
1.«ҚССР оқу ағарту ісінің үздігі» белгісі |
1990 ж |
12 |
Сейітжанова Бағдагүл |
1950 ж |
1.«10 жылдықтың озаты» белгісі 2.Қазақстан білім министрлігі. Құрмет грамота 3. «Педагогика саласының үздік қызметкері» төсбелгісі |
1975 ж
1976 ж |
13 |
Жәленова Ләззат Сахитқызы |
1968 ж |
«Еңбектегі жетістігі үшін» («За успехи в труде») төсбелгісі |
1990 ж |
14 |
Жұмағұлова Мырзагүл Ахетқызы |
1958 ж |
«Үздік маман» төсбелгісі |
2016 ж |
15 |
Жалғасбаева Рита Жылкишиевпа |
1980 ж |
Білім министрлігінің Алғыс хаты |
2019 ж |
16 |
Қани Жанат Күнажатқызы |
1974 ж |
Білім министрлігінің Алғыс хаты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы |
2019 ж
2024 ж |
17 |
Жалғасбаева Жәния |
1947 ж |
«Педагогика саласының үздік қызметкері» төсбелгісі |
2021 ж |
18 |
Балқиева Айымсұлу |
1960 ж |
«Педагогика саласының үздік қызметкері» төсбелгісі |
2021 ж |
19 |
Өміртай Қаракөз |
1960 ж |
«Педагогика саласының үздік қызметкері» төсбелгісі |
2021 ж |
Мектебімізден шыққан мақтаулы түлектер
-
Әмірхан Болат Әмірханұлы- Теміржол қайраткері және тыл ардагері, теміржол көлігінің генералы. КСРО және Қазақстан Республикасының «Құрметті теміржолшысы», Қазалы ауданының «Құрметті азаматы».
-
Жарылқасын Шәріпов – Қазалы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық Кеңес төрағасы, аудан әкімі, Қызылорда қаласының әкімі, Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүліктер жөніндегі орталықтың директоры, облыстық мәслихат депутаты, облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазалы ауданының және Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы»
-
Тасмамбетов Жақсылық Нұрадинұлы- Физика-математика ғылымдарының докторы, профессоры. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі. Қаз. КСР оқу-ағарту ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің үздігі.
-
Абылайұлы Жангентхан- Медицина ғылымының докторы, профессор ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Республикалық «Алтын адам» сыйлығының лауреаты.
-
Сәлімов Мұратбай- «ТЭЦ-6» акционерлік қоғамда абонент, жабдықтау бөлім бастығы, облыстық «Госком-сельхозтехника» бірлестігінің бірінші вице- президенті, «Груп 4 Секурикор Казахстан» ЖШС Қызылорда филиалында басшы, Қазалы ауданының бірнеше мәрте депутаты болған.
-
Алтынбай Шарафадин Алтынбайұлы – Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қ.Р. Журналистер Одағының және Қазақстан Республикасы Аймақтық Валеология Академиясының корреспондент мүшесі. Мектеп директоры, Қазалы аудандық білім бөлімі және аудан әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бірнеше ғылыми-педагогикалық кітаптардың авторы. Аудан мектептерінде «Алтын ұя» ата-аналар университетін қоғамдық негізде ашқан құрметті азамат. «ШДАМ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қызылорда облысы «Қазалы ауданының Құрметті азаматы»
-
Жұбан Тілеубергенов- Медицина ғылымының кандидаты, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, жоғары білікті дәрігер.
-
Әбдіхадыров Темірхан- Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Жоғарғы санатты ұйымдастырушы дәрігер», «Денсаулық саласына қосқан үлес үшін» медалінің иегері, бірнеше мәрте аудандық мәслихаттың депутаты болған.
-
Нұрлан Көпбосын- Экономика министірлігінде бөлім басшысы, басқарма басшысы, департамен директоры, Призеденттің жарлығымен құрылған Алматы қаласындағы арнайы экономикалық аймақ басшысы қызметтерін атқарған. «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы»
-
Нұрман Талқанбаев- Қазалы, Жалағаш ауданы әкімі қызметін атқарған. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы, Статистика саласының үздігі, Қызылорда облысы «Қазалы, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы».
-
Бақытбек Смағұл- Қоғам қайраткері, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 2012-2023 жылдар аралығында болған. Елбасы тапсырмасымен «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің Мемлекеттік бағдарламасының жобасын жазушы. ҚР Қорғаныс министрі бекіткен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Ар-Намыс кодексінің» және бірнеше кітаптардың авторы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданының және Алматы облысы Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы».
-
Нұадинов Алмат Сәбитұлы- Психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті. Персоналды іріктеу мен бағалау саласында, психологиялық диагностика және психометрика бойынша 7 авторлық куәлігі бар және бірнеше ғылыми монографиялардың авторы.
-
Әбілов Күншығар Әбілұлы- Жоғары санатты дәрігер, «Қ.Р.Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Қазалы аудандық мәслихат депутаты. Қазалы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің бастапқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі орынбасары.
-
Сарышова Күлдірсін Сейітжанқызы- Филология ғылымдарының кандидаты. Республика, облыс көлемінде тіл тазалығы мен мәдениеті, қазақ әдеби тілі, оның нормалары мен стильдері, терминология, әліпби, т.б. мәселелермен тұрақты айналысып жүрген тіл маманы.
-
Бердібаев Рәт Шындалыұлы- Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Базалық білім беру институтының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
-
Жәленов Қанат Сахитұлы-Ұлттық дизайн академиясының академигі, Еуразиялық дизайнерлер одағының және Қазақстан этнодизайнерлер одағының мүшесі. «Құрметті ұстаз», «Мәртебелі мұғалім», «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері.
-
Әбдіқадырова Анар Әділханқызы- экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғылыми- техникалық даму департаментінің бас сарапшысы.
-
Оңдаш Айнұр Оңдашқызы- «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша PHD докторы, Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Халықаралық қатынастар» факультетінің, «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, аға оқытушысы.
Мектеп тарихындағы «Алтын белгі» иегерлері
-
Сисенова Айнагүл Әмірқызы- 1977-1978 оқу жылы
-
Шындалы Шаттық Маратқызы- 2014-2015 оқу жылы
-
Талғат Ақерке Талғатқызы- 2016-2017 оқу жылы
-
Асылханова Аружан-2017-2018 оқу жылы
-
Асамадин Салтанат Еркінқызы-2017-2018 оқу жылы
-
Қараман Назым Мұхтарқызы- 2021-2022 оқу жылы
-
Шапай Аққу Маратқызы- 2021-2022 оқу жылы
-
Орымбаева Ақтоты Қайратқызы- 2022-2023 оқу жылы
-
Күнажат Балауса Мархабатқызы-2022-2023 оқу жылы
-
Ақжігіт Марина Қазбекқызы-2023-2024 оқу жылы
-
Шапай Ақнұр Маратқызы-2023-2024 оқу жылы
Мектеп тарихындағы « Үздік аттестат» иегерлері
-
Сағымбаева Лида Әбсұлтанқызы- 1997-1998 оқу жылы
-
Оңдаш Айнұр Оңдашқызы- 2001-2002 оқу жылы
-
Әбілова Гүлстан Күншығарқызы – 2008-2009 оқу жылы
9-сыныпты «Үздік куәлік» және «Үздік аттестатқа» бітірген мектеп оқушылары
Р/с |
Оқушының аты-жөні |
Саны |
Оқу жылы |
1 |
Қонысбаева Айнұр |
2 |
1995-1996 оқу жылы |
2 |
Сағымбаева Лида |
||
3 |
Бердібаева Бақыткүл |
2 |
1996-1997 оқу жылы |
4 |
Әлімбаева Ақнұр |
||
5 |
Келімбетов Қаһарман |
2 |
1999-2000 оқу жылы |
6 |
Оңдаш Айнұр |
||
7 |
Анарбекова Жазира |
1 |
2000-2001 оқу жылы |
8 |
Нұрғалиева Сая |
3 |
2003-2004 оқу жылы |
9 |
Алуадинова Жұлдызай |
||
10 |
Өтеулиева Ақмарал |
||
11 |
Сәрсенова Жанат |
1 |
2004-2005 оқу жылы |
12 |
Тұрсынова Дина |
1 |
2005-2006 оқу жылы |
13 |
Әбілова Гүлстан |
2 |
2006-2007 оқу жылы |
14 |
Марданова Жансая |
||
15 |
Қыпшақбай Мәулен |
2 |
2007-2008 оқу жылы |
16 |
Сағынаева Айым |
||
17 |
Оңдаш Жұлдызай |
1 |
2008-2009 оқу жылы |
18 |
Құлназар Жақсылық |
5 |
2010-2011оқу жылы |
19 |
Шындалы Азамат |
||
20 |
Бөкенбай Айлира |
||
21 |
Әбіл Ақерке |
||
22 |
Жұмабек Айгерім |
||
23 |
Мейрамбай Бибінұр |
1 |
2011-2012 оқу жылы |
24 |
Шындалы Шаттық |
3 |
2012-2013 оқу жылы |
25 |
Алмас Ақмарал |
||
26 |
Егізбай Назым |
||
27 |
Тынықұл Толғанай |
1 |
2013-2014 оқу жылы |
28 |
Сахит Нарқыз |
4 |
2014-2015 оқу жылы |
29 |
Бейбіт Ақгүл |
||
30 |
Талғат Ақерке |
||
31 |
Мірәлі Жансая |
||
32 |
Асылханова Аружан |
3 |
2015-2016 оқу жылы |
33 |
Асамадин Салтанат |
||
34 |
Қайырбек Ақниет |
||
35 |
Қалила Назгүл |
4 |
2016-2017 оқу жылы |
36 |
Пазыл Нұрзат |
||
37 |
Сахитжан Бағым |
||
38 |
Талғат Ақбаян |
||
39 |
Сахитжан Ақжүніс |
2 |
2017-2018 оқу жылы |
40 |
Тасқалиева Айниса |
||
41 |
Қараман Назым |
2 |
2019-2020 оқу жылы |
42 |
Шапай Аққу |
||
43 |
Орымбаева Ақтоты |
2 |
2020-2021 оқу жылы |
44 |
Күнажат Балауса |
||
45 |
Асылханова Айбибі |
4 |
2021-2022 оқу жылы |
46 |
Шапай Ақнұр |
||
47 |
Қайратова Сабина |
||
48 |
Ақжігіт Марина |
||
49 |
Сахит Еңілік |
3 |
2022-2023 оқу жылы |
50 |
Орымбаева Толғанай |
||
51 |
Балдырған Ақжүніс |
||
52 |
Жеңісқызы Гүлдана |
1 |
2023-2024 оқу жылы |